Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қарағанды облысында 259 млн теңгеге салынған тас жолдың тоз-тозы шыққан (ВИДЕО)

«Сырты бүтін, іші түтін». Бұл да Қаражалдың жолына айтылғандай. Алыстан айнадай болып көрінетін жолдың жиектері үгітіліп жатқанын көруге болады.

Қарағанды облысында 259 млн теңгеге салынған тас жолдың тоз-тозы шыққан (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Қаражал қаласының тұрғындары Мемлекет басшысын шағымданбақ. Өйткені, былтыр ғана жөнделген жол қар суымен ағып кеткеніне сенімді, деп хабарлайды Paryz.kz, «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Біз әбден біттік пе? Миллиондар жұмсап салып, кейін тоз-тозы шыққан асфальтты енді кім жөндейді? Жауапты мекеме бұған не дейді? Қаражал қаласының тұрғындарынан жолдың жайын сұрасаң, осылайша, жыларман күйге түседі.

Былтырдан бері 7 шақырымдық жолды ретке келтіре алмай жатқан мердігерге ашуы қара қазандай. Тұрғындардың сөзінше, Қаражал-Жәйрем арасындағы жолды орташа жөндеудің құны 259 млн теңге екен. Оның өзі екі жылға созылып кеткен.

"Қарап отырсақ, мына жолды отыр қылдыңдар ғой. Салып жатқан жолдың өзінің быт-шыты шыққанан кейін қалай жан айқай шықпайды. Сонда щебенка мен отсевті айырмаймыз ба? Біз әбден біттік пе, әлде. Жолдың сапасын қарау керек еді. Енді бұдан әрі қарай біз Президентке шығамыз", - дейді Қаражал қаласының тұрғыны Сексен Сүлейменов.

«Сырты бүтін, іші түтін». Бұл да Қаражалдың жолына айтылғандай. Алыстан айнадай болып көрінетін жолдың жиектері үгітіліп жатқанын көруге болады.

"Салған асфалттары сапаға лайықты емес, төмен. Салған асфальттары түсіп жатыр. Қаражал-Жәйрем бағытындағы жолдың тек бес жарым шақырымы толық аяқталған. Оған 190 млн теңге қаржы жұмсалған. Жолға жауаптылар жөндеу жұмыстарының сағызша созылып кеткенін пандемиядан, бір жағынан ауа райының қолайсыздығынан көріп отыр", - дейді қала тұрғыны Ауданбай Асанбаев.

Ал ақауларға қатысты маманның айтары да бар екен. 

"Бір екі жерде ғана дефект болды. Мен ойлаймын на такой протяженности ондай ұзақ телімге допустимо. И ол моменттерді мердігер мекеменің өз қаражатына жойылатын болады", - дейді «Қазавтожол» ҰК АҚ Қарағанды облыстық филиалының бас маманы Нұржан Өксікбаев. 

Жауапты мамандар ақаудың бәрін мердігер қалыпқа келтіреді дегенімен, тұрғындар соның барлығын бақылауда ұстауды талап етті. Әйтпесе, келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін ешкімді таппай қала ма деп алаңдайды.