Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Кәсіпкерлер тұрғын үйді басқару жүйесіне наразы (ВИДЕО)

Ал Кәсіпкерлер палатасының басшылығы олардың арыз-шағымы жерде қалмайды деп отыр.

Кәсіпкерлер тұрғын үйді басқару жүйесіне наразы (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Елордадағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінде орналасқан коммерциялық нысандардың  иелері наразылық танытты. Олар пәтер иелері кооперативтері мен меншік иелерінің бірлестігі өз жұмыстарын дұрыс атқармай отыр дейді. Әсіресе, тұрғындармен бірлесіп өтейтін кондоминиум шарттарымен келіспейді деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың сөзінше, ПИК пен МИБ кәсіпкерлердің ісіне жиі араласып, маза бермейді. Ал оның соңы көп жағдайда жанжалға ұласады. Олар, сондай-ақ, кешенге көрсетілетін қызмет пен мезгілсіз жөндеуге жиналатын ақшаның жиілегенін айтып шағымданды. Оның үстіне, тарифтер де қымбат. Сондықтан кәсіпкерлер коммерциялық кондоминиум институтын құруды ұсынып отыр.

Ал Кәсіпкерлер палатасының басшылығы олардың арыз-шағымы жерде қалмайды деп отыр.

"Бізге ПИК төрағасының үстінен арыз түсті. Сондықтан, мұны назардан тыс қалдырмаймыз. Біз кәсіпкерлердің мүддесін қорғаймыз. Бұл ұстаным мемлекет басшысының кәсіпкерлерді қорғау туралы тапсырмасына сәйкес келеді деп есептейміз. Сондықтан, осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар шараларымыз бар. Осы себепті, саладағы мәселелер оңды шешіледі деп сенеміз", - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш.