Алматылықтар цемент зауытын көшіру үшін митингіге шығуға дайын - қоғам белсендісі

Барлығы аллергияға шалдыққан, созылмалы бронхитпен ауырады! Олар ақырындап өліп жатыр, балаларға да қиын...

Алматылықтар цемент зауытын көшіру үшін митингіге шығуға дайын - қоғам белсендісі
фото: ашық дереккөз

Алматылық қоғам белсендісі Салтанат Ташимова жергілікті тұрғындардың цемент зауытына қарсы күресіп жатқанын, қала тұрғындары оны басқа жаққа көшіруді қалайтынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қала сыртына цемент зауытын көшіру үшін тұрғындар митингке шығып, көшені жауып тастауға дайын! ХОБЛ диагнозынан үш жас әйел қайтыс болды! 7 бала анасыз қалды, біреуінің артында төрт бала қалды, екіншісінде үш бала! - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Барлығы аллергияға шалдыққан, созылмалы бронхитпен ауырады! Олар ақырындап өліп жатыр, балаларға да қиын...