Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

ҰБТ-да орнына өзге адамды кіргізгендерге қатысты іс қозғалды

Қазір ҰБТ аяқталу сатысында Білім және ғылым министрлігінде тестілеуден шамамен 150 мың адам өтті.

ҰБТ-да орнына өзге адамды кіргізгендерге қатысты іс қозғалды
фото: ашық дереккөз

Елордалық ЖОО-ның төрт студенті түлектердің орнына жалған құжаттармен ҰБТ тапсыруға тырысқан деп хабарлады Paryz.kz

Алаяқтық тексерілген адамның жеке басын анықтайтын Face-ID жүйесінің көмегімен ашылды. Техникалық жаңалық биыл барлық Тестілеу орталықтарында енгізілді.

"Бөтен адамдар аудиторияға кіре алмады, өйткені ҰБТ-ға жіберу тек Face ID тұлғаны сәйкестендіру бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама тіпті егіздердің сыңарын да анықтай алады. Бөтен адамды орнына кіргізбек болғандардың арасында “Алтын белгі” иегері де бар", – деді Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

Орталық талапкерлерді академиялық адалдыққа шақырды.

Түлектер мен олардың сыбайластарының мәліметтері құқық қорғау органдарына берілді. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы екінші бөлігі ("Бір топ адамдар алдын ала сөз байласу арқылы жасаған жалған құжаттарды қолдан жасау немесе сату") бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы баптың екінші бөлігінің санкциясы 4 мың АЕК-ке дейін (11,6 млн теңгеден астам) айыппұл салуды, төрт жылға дейін шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды көздейді.

Биылғы жылы ҰБТ-ға қатысқандар үш кезеңді тұлғаны тану жүйесі – жеке куәлікті, Face ID жүйесін және әр тест тапсырушының алдында фотоаппаратты ұсынады.

Қазір ҰБТ аяқталу сатысында Білім және ғылым министрлігінде тестілеуден шамамен 150 мың адам өтті.