Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Анасы 7 млн теңгеге сатпақ болған сәби балалар үйіне орналастырылады

Дәрігерлердің айтуынша, бөбектің жағдайы қазір жақсы.

Анасы 7 млн теңгеге сатпақ болған сәби балалар үйіне орналастырылады
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында анасы 7 млн теңгеге сатып жібермек болған нәресте балалар үйіне орналастырылады. Бала екі аптаға жуық пневмониядан емделген болатын. Осы аралықта ауруханаға ешқандай туысы іздеп келмеген. Сондықтан оны балалар үйіне жіберу туралы шешім шығады деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, бөбектің жағдайы қазір жақсы.

"Біз қаулы дайындаймыз. Негізі арнайы ресми құжат болады баланы орналастыру үшін. Сол құжаттардың кішкене кешігіңкіреп дайындалуына байланысты біз баланы бүгін орналастырайын деп жатырмыз. Баланың ешқандай туысы келген жоқ баланы алуға. Бізде мына қылмыстық іс қозғалып жатқаннан кейін баланы тікелей сол мекемеге орналастыруды дұрыс деп шештік. Сондықтан баланы қазір Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйіне орналастырудамыз", - дейді қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Жансая Орынбасарова.
 

Еске сала кетсек, Түркістан облысында 27 жастағы безбүйрек ана осындай қадамға барған еді. Тіпті баланы сатып алушы табылып, құжатын заңдастыру үшін нотариусқа жүгінген. Мұны естіп, жағасын ұстаған нотариус жергілікті тілшілерге хабарлаған. Журналистер бірден прокуратураға жеткізіп, көкек ананың арам пиғылын іске асырмақ болған жерінен ұстаған. Мәлім болғандай, баланың әкесі кім екені белгісіз, ал келіншек есірткіге әуес болған. Оның бір жылдан бері сәбилі болғанынан ата-анасы бейхабар болған. Өкпесі қабынған нәресте ауруханада ем алған.