Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Интернетте сендерді алаяқ дейді»: Байбектің заңгері Мамайға «қолайсыз сұрақ» қойғанда ол жауаптан қашып кетті

Бауыржан Байбекке қарсы өтіп жатқан сотта белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай өз сөздеріне дәлел ретінде 2 мың бетке жуық құжаттар пакетін тапсырған болатын. 

«Интернетте сендерді алаяқ дейді»: Байбектің заңгері Мамайға «қолайсыз сұрақ» қойғанда ол жауаптан қашып кетті
Фото: Facebook Айжан Ташенова

Алайда, Байбектің заңгері Айжан Тәшенова бұл құжаттардың дәлел емес, әлеуметтік желідегі жазбалар мен анонимді Telegram-каналдарға сілтеме екенін айтқан. 


Заңгердің айтуынша, әлеуметтік желілерде белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайдың алаяқтың әрекеттері туралы жазбалар көп. Егер ерлі-зайыптылардың логикасына салса, онда аталған жазбалар шындық болуы тиіс дейді Тәшенова. Өйткені, не Мамай, не Иманбай тағылған бұл айыптарды ресми жоққа шығармаған.


«Әлеуметтік желілерде Жанболат Мамай мен оның әйелін алаяқтыққа, ақша ұрлығына, «Трибуна» газетінде істеген кезде қызметкерлердің жалақысын жымқырған деп айыптайтын жазбалар. Сіздер Бауыржан Байбекке қатысты жариялаған видеоларыңызда да осындай анонимді жазбаларға, мақалаларға сүйенесіздер. Демек, логикаға салсақ, сіздер де алаяқ, қылмыскерсіздер ме?», - деп сұрады Айжан Тәшенова өз сауалында.


Заңгердің сауалына Жанболат Мамай жауап беруден бас тартты. Оның орнына сөйлеген адвокат Ерлан Қалиев нақты «иә» немесе «жоқ» деп жауап бермеді.