14.06.2021, 14:55

Алматыда әйел адамды қағып өлтірген полицей кінәсін мойындады (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот

Қалалық Патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді. 

Алматыда қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірген полицей кінәсін мойындады деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі тәртіп сақшысынан жауап алу сәтінің видеосын жариялады.  

Тағы оқи отырыңыз: Полицейский насмерть сбил человека в Алматы

Қалалық Патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді. 

"Сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім", - деді ол. 

Полицей кінәсін толық мойындап, марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.