"Жылқының зәрінен болуы мүмкін": Атырау облысында аудан әкімі балықтың неден қырылғанын айтты

Өлген балық пен судың сынамасы облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Тексеру қорытындысы белгілі болғаннан кейін қосымша ақпарат хабарланады.

"Жылқының зәрінен болуы мүмкін": Атырау облысында аудан әкімі балықтың неден қырылғанын айтты
фото: 24.kz

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев өңірде балықтың қырылу себептерінің бірі жылқы зәрі болуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz, "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.

10 маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балық қырылып жатқаны жөнінде дабыл түскен. Өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылды.

"Бұл дерек маусымның 10-на қараған түні анықталды. Біз дер кезінде бардық, облыстан да арнайы комиссия келді. Қаракөз және қызылқанат балықтарының шабақтары екі өзеннің құяр аумағында өлген. Өзіміздің жобалауымызша, бөлініп қалған суда жылқының зәрінен немесе қой тоғытудың салдарынан ауа жетпей өлуі мүмкін деп отырмыз", - дейді Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев. 

Өлген балық пен судың сынамасы облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Тексеру қорытындысы белгілі болғаннан кейін қосымша ақпарат хабарланады.