Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Жалақысы 104 мың теңге": Халық санағын жүргізетін мамандар тапшы

Оның айтуынша, сұхбаттасушылардың орташа айлық ақысы 104 мың теңге. Санақ жүргізуге ниет білдірушілер оны азсынып отыр.

"Жалақысы 104 мың теңге": Халық санағын жүргізетін мамандар тапшы
фото: ашық дереккөз

Елімізде халық санағын жүргізушілерге жұмыс бабында індет жұқса, оларға өтемақы төлеу мәселесі қарастырылмаған деп хабарлады Paryz.kz, Atameken Business арнасына сілтеме жасап.  

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, сұхбаттасушылардың орташа айлық ақысы 104 мың теңге. Санақ жүргізуге ниет білдірушілер оны азсынып отыр. Салдарынан, әсіресе, Маңғыстау облысында мамандар тапшы.

Айта кетейік, әр 10 жыл сайын жүргізілетін халық санағы биыл қазан айына жоспарланған. Ол үшін  қазынадан 9,1 млрд теңге бөлінген.