Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Барлық өмірім көз алдымнан өтті...": Шарын шатқалында туристер қиындыққа тап болды (ВИДЕО)

Жеті адамнан басқа демалушылар болған жоқ.

"Барлық өмірім көз алдымнан өтті...": Шарын шатқалында туристер қиындыққа тап болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Шарын шатқалында тағы бір қайғылы жағдай болды. Бір топ турист шатқалдан шыға алмай қалды деп хабарлайды Paryz.kz, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 11 маусымда шамамен 20:00-де әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Шарыннан туристер тобы шыға алмайтындығы анықталды, атап айтқанда, блогер Тайыр Марасуловтың инстаграм-аккаунтында көмекке шақыру туралы жазба жарияланды .

"Дереу оқиға орнына Алматы облысының төтенше жағдайларды жою бөлімінің күштері мен құралдары және "Шарын шатқалы” мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны жіберілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", - делінген хабарламада.

ТЖД 11 маусымда Кіші Шарын шатқалы аумағында жауын-шашын әсерінен көлбеу ағын пайда болғанын, соған байланысты сол жерде дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті.

Жеті адамнан басқа демалушылар болған жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті кезекті рет азаматтарды ауа райының өзгеруін қадағалап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.