Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Еліміздің тәртіп сақшылары енді кроссовки киіп жүреді

Сондай-ақ министр патрульдік полицияның жаңа формасында түнгі уақытта алыстан көріну үшін жарық шағылыстыратын элементтер көбейетінін атап өтті.

Еліміздің тәртіп сақшылары енді кроссовки киіп жүреді
фото: zakon.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық полицияның жаңа формасы туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды Paryz.kz

"Біз жыл соңында көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлерге жаңа форма кигіземіз. Ол сынақтан өтті, өте ыңғайлы. Көшелерде қызмет атқару үшін жаңа элемент – кроссовка, берцы түріндегі аяқ киім енгізіліп отыр. Өйткені халықпен тығыз жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының киімі ыңғайлы болуы тиіс", - деді ол Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министр патрульдік полицияның жаңа формасында түнгі уақытта алыстан көріну үшін жарық шағылыстыратын элементтер көбейетінін атап өтті.

Тұрғымбаевтың айтуынша, полиция формасына қосымша ақша талап етілмейді. Бәрі бұған дейін көзделген қаржыландыру аясында жүзеге асады.

"Кезең-кезеңмен екі жыл бойы бүкіл қазақстандық полицияға жаңа форма кигіземіз", - деді ол.

Былтыр күзде ішкі істер министрлігі президентке полицейлердің жаңа формасын таныстырғаны хабарланды.