Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елімізде жасөспірімдер арасында суицид көбейіп кеткен

Осы орайда министр жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттің негізгі себептерін тізіп берді. 

Елімізде жасөспірімдер арасында суицид көбейіп кеткен
фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев биыл Қазақстанда 248 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Осы орайда министр жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттің негізгі себептерін тізіп берді. 

“Үш жағдайдан біреуі туыстарымен келіспеушіліктен өзіне қол салады. Жалғыздықты сезіну салдарынан суицидке баратындар 12 пайыз, достарымен қарым-қатынастың үзілуіне байланысты - 10 пайыз, оқу орнындағы жанжалдар, қаржылық жағдайы нашар болуына байланысты өзіне қол жұмссайтындар саны - 3 пайызды құрайды. Биыл суицидке 248 әрекет жасалды. 164 кәмелетке толмаған балалар құтқарылды. Өкінішке қарай, 84-і көз жұмды", - деді Ерлан Тұрғымбаев.