Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қостанай-Алматы" пойызында 22 жастағы бойжеткен 117 млн теңгесін ұрлатып алды

8 маусымда жедел-іздестіру шараларынан кейін үш күдікті ұсталған.

"Қостанай-Алматы" пойызында 22 жастағы бойжеткен 117 млн теңгесін ұрлатып алды
фото: дереккөз

31 мамыр күні 22 жастағы қыз “Қостанай-Алматы” бағытындағы пойызда 117 млн-ға жуық ақшасын ұрлатып алған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Пойызда ұйықтап тұрғаннан кейін ол Жақсы стансасына жеткенде ақша салынған сөмкесін таба алмай қалған. Бойжеткен Көліктегі полиция департаментіне бірден хабарласқан. 

8 маусымда жедел-іздестіру шараларынан кейін үш күдікті ұсталған.

“Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, оның барысында 12 620 000 теңге және 198 500 АҚШ доллары тәркіленді. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін қылмыс жасалғаннан кейін бірден екі автокөлік сатып алып, жұмсап үлгерген” – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.