Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Ниггер!": Полиция Алматыда шетелдік азаматқа тіл тигізген ер адамды іздеп жатыр (ВИДЕО)

Желі қолданушысы өзінің бұл ұрысқа белгілі бір себептермен қатыспағанын айтады. 

"Ниггер!": Полиция Алматыда шетелдік азаматқа тіл тигізген ер адамды іздеп жатыр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыда қоғамдық көлікте ішімдікке тойып алған ер адам қара нәсілді жолаушыға тиіскен. Оқиғаға қатысты полиция тергеп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Оқиғаға куәгер болған алматылық Искандер Махиянов өзінің Facebook парақшасында жағдай 118-автобуста болғанын атап өтті.

"Абай көшесіндегі аялдамалардың бірінде шетелдік қара нәсілді жігіт менен екі метр қашықта артқы орындыққа жайғасты, бірнеше аялдамадан кейін ол автобус жүргізушісіне барды. Оның артынан азиялық нәсілді жігіт - құлайын деп басқа ер адам еріп барды. Оның шалбарының ауы ашық болған. Ер адам қара нәсілді жігіттің артынан "Ниггер" деп айғалады", - деп жазды алматылық Искандер.

Шетелдік азамат автобус жүргізушісінен көмек ала алмай,  басқа бос орынға отырған. Алайда агрессивті ер адам шетелдікті қорлауды жалғастырып, одан кейін оны жекпе-жекке шақырған.

Желі қолданушысы өзінің бұл ұрысқа белгілі бір себептермен қатыспағанын айтады. 

"Не үшін араласпағанымды сұрамаңыздар. Тәжірибеме сүйене отырып, бұл мәселені полиция шешуі тиіс деп есептеймін", - деді ол.

Алматы полициясы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов  аталған факті бойынша айыпталушыларды анықтау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау арқылы тексеру іс-шаралары жүргізіледі", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар ол оқиға фактісі бойынша қалалық полиция бөлімшелеріне ресми хабарламалар немесе өтініштер түспегенін атап өтті.