Зарина Дияс АҚШ-тың ашық чемпионатында ұтылып қалды

Қазақстандық Зарина Дияс әлемнің 61-ракеткасы Бернарда Перадан ұтылып, US Open турнирінің екінші айналымына шыға алмай қалды.

Зарина Дияс АҚШ-тың ашық чемпионатында ұтылып қалды
сурет Хабар 24 сайтынан алынды

Қазақстандық спортшы дүниежүзілік рейтингіде 69-орында тұр. Ал оның қарсыласы америкалық спортшы әлемнің 61-ракеткасы Бернарда Пера болды. Бірінші партияда Зарина 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады. Ойын 1 сағат 45 минутқа созылды.

Пера жүлде қоры 53,4 млн АҚШ долларына бағаланған «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымында әлемнің 22-інші, осы жарыстың 15-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен немесе рейтингте 114-сатыдағы швейцариялық Стефани Фёгельмен кездеседі.