Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақтөбеде банк қызметкері төрт клиенттің ақшасын бәске тігіп жіберген

Салымшылар ақшаның жоғалғанын байқамауы үшін күдікті ақшаны 30 мың теңгеден бөліп-бөліп шешіп алған.

Ақтөбеде банк қызметкері төрт клиенттің ақшасын бәске тігіп жіберген
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде банк менеджері клиенттердің шоттарынан ақша алып, құмар ойын ойнаған деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы мамыр айының басында полицияға бірнеше азамат қаржы мекемелерінің біріндегі шоттарынан ақшаның бір бөлігі жоғалып кеткендігі туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қаржы мекемесінің 21 жастағы операторын анықтап, ұстады. Күдікті үш ай бойы төрт салымшының шоттарынан қолма-қол ақша жымқырған. Салымшылар ақшаның жоғалғанын байқамауы үшін күдікті ақшаны 30 мың теңгеден бөліп-бөліп шешіп алған.

Жалпы алғанда, күдікті жәбірленушілердің шотынан 1 млн 300 мың теңге көлемінде ақшаны иемденген. Ұрланған ақшаны жігіт букмекерлік кеңселердегі құмар ойынға тіккен. Барлық фактілер негізінде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полицейлер банк карталарынан ақша қаражатын ұрлау санының өсуін азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауымен байланыстырады. Сонымен қатар қылмыскерлер үнемі өз дағдыларын жетілдіріп, ұрлықтың жаңа схемаларын жасайды. Осыған байланысты шоттарда сақталған ақша қаражаттарына мұқият болуды және қайта тексеруді сұрайды.