"Малдар...": Алматыда блогерді ұрып, тонап кетті

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының назары оның Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларын сынаған видеоларына ауған еді.

"Малдар...": Алматыда блогерді ұрып, тонап кетті
фото: дереккөз

Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды, деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол өзін сабап кеткені туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, сурет жүктеді.

Малдар. Тәртіп болмайынша, біз қалыпты өмір сүре алмаймыз. Олар мені сабап, тонап кетті.... Тура театрдың алдында! - деп жазды ол Facebook-те суретін жүктей отырып.

Алматы қалалық Полициясы департаменті бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, "Қарақшылық" бойынша тіркелгенін және оқиға болған жерге қатысты Алмалы аудандық ПБ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтіндігін хабарлаймыз, - деп түсіндірді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Кудрявцев және басқа блогерлер тобы белгілі бір жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстан қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді. Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының назары оның Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларын сынаған видеоларына ауған еді.