Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Дәрмек" операциясы: 40 медицина қызметкері жауапқа тартылды

Сондай-ақ есепке алынған препараттарды рецептсіз босатудың 56 фактісі анықталып, 12 тонна прекурсордың айналымы шектелген.

"Дәрмек" операциясы: 40 медицина қызметкері жауапқа тартылды
фото: ашық дереккөз

Елімізде жүргізілген «Дәрмек» операциясы барысында 40 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады Paryz.kz

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың мәлімдеуінше, 5 күн ішінде 877 нысан, оның ішінде дәріханалар мен қоймалар, емдеу-алдын алу мекемелері және өнеркәсіптік кәсіпорындар тексерілген. Сондай-ақ есепке алынған препараттарды рецептсіз босатудың 56 фактісі анықталып, 12 тонна прекурсордың айналымы шектелген. Операция барысында 21 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.

"Сақтау талаптары бұзылған немесе құрамында есірткі бар сатылымдағы барлық препараттар айналымнан алынды. Атап айтқанда, 2 мыңнан астам есірткі құралдары ампуласы, 1600-ден астам таблетка және 1800 психотроптық заттар ампуласы тәркіленді. Барлық анықталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Нұрділдә Ораз.