Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

14,6 млрд теңге: жол салуға қатысты тендерден былық шықты

Схема былайша жұмыс істеген: "АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС бәсекелестік күрес көріністерінсіз, бастапқы бағаға тең не ең аз төмендетумен баға ұсына отырып, бір-біріне жалғыз бәсекелес болған.

14,6 млрд теңге: жол салуға қатысты тендерден былық шықты
фото: ашық дереккөз

«АБК-Автодор НС» ЖШС мен «Казахдорстрой» ЖШС арасындағы автомобиль жолдарын салу және жөндеу қызметтерін сатып алу бойынша конкурстардағы бағаларды қолдау бөлігіндегі картельдік сөз байласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқталды деп хабарлайды Paryz.kz, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тендерлердің жалпы сомасы - 14,6 млрд теңге.

"АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС мемлекеттік сатып алуға қатысты, оның бірі сатып алуды ең жоғары ықтимал баға бойынша өтті деп тану үшін екіншісіне жалған бәсекелестік тудырғаны анықталды.

Схема былайша жұмыс істеген: "АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС бәсекелестік күрес көріністерінсіз, бастапқы бағаға тең не ең аз төмендетумен баға ұсына отырып, бір-біріне жалғыз бәсекелес болған. Субъектілердің әрекеттері монополияға қарсы заңнаманың ережелерін бұзып қана қоймай, бюджет қаражатын үнемдеуді де жояды.

Бұл құқық бұзушылықтарды монополияға қарсы орган мемлекеттік сатып алу порталы мониторингінің қорытындылары бойынша анықтады. Қазіргі кезде тергеп-тексерулер объектілері тергеп-тексеру нәтижесіне сотқа шағым жасап жатыр.