31 тамызда «Амангелді» атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қортпа балығын аулады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.
«Амангелді» атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қортпа балығын аулады. Бекіре тұқымдас балықтар тобына жататын алып қортпа «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды.
«Әлемде бекіре тұқымдас бағалы балықтар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Сол себептен, табиғи қоры азайған мұндай балықтар тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады» - деп хабарлады өңірлік коммунткациялар қызметі.
Бұған дейін Атырауда Жайыққа бекіре тұқымдас балықтың 3,6 млн-нан астам шабағы жіберілген болатын.