2018 жылы Құмар Ақсақалов Петропавл атауын өзгерту туралы басқаша пікір айтқан...
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы қауесетке қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Петропавловск.news.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Ақсақалов "Астана" телеарнасының "Из первых уст" бағдарламасында қойылған кейбір сұраққа тікелей жауап берген жоқ. Петропавл қаласының атауы өзгереді деген сұраққа да ол нақты жауап бере алмады.
"Бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ, бұл кулуарда талқыланып жүр. Мен халықтың ұстанымын қолданамын. Көшелердің атын (әкім қала дегісі келген болар) бір адам өзгертпейді, оны қоғам шешеді", - деп түсіндірді әкім.
2018 жылы Құмар Ақсақалов Петропавл атауын өзгерту туралы басқаша пікір айтқан.
"Петропавл мен облыстың атауын өзгерту туралы әңгімелерді жиі естимін, кейбіреулер бұл туралы айтып жүр. Бірақ бүгінде атауды өзгерту жұмыстары жүрмейді, менің ойымша, бұл әлі ерте", - деген еді ол сол кезде.
Басылым мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлдағы көшелердің атаулары әлі күнге дейін депутаттар мен қоғам қайраткерлерінің кездесуінде өзгертіліп жатыр. Көбіне бұл шешімдер көптеген тұрғынның пікіріне қайшы келеді екен.