"Көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Бұл шығармада сонау жиырмасыншы ғасырдың басындағы бір әулеттің басына түскен қайғы-қасірет арқылы тұтас ұлтқа төнген нәубет бейнеленеді..."
Ашаршылық жылдарындағы Тоқа әулеті көрген зобалаң — сол кездегі әр қазақ отбасының басынан өткен қасірет. Мемлекет басшысының ұлттың мұңы мен мұқтажын жақсы түсінетіні де содан болса керек, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
"Бүгін балаларыма қажетті заттарын алуға кітап дүкеніне келген едім. Мұнда талай таптырмайтын қазынаға тап болдым. Соның бірі - Мемлекет басшысының «Әке туралы ой толғау» кітабы. Ақтарып отырып кітаптың бұрынғыдан ерекше, заманауи технологиялық мүмкіндіктерді сәтті пайдалана отырып шығарылғанына қуандым", – дейді ол.
Көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Бұл шығармада сонау жиырмасыншы ғасырдың басындағы бір әулеттің басына түскен қайғы-қасірет арқылы тұтас ұлтқа төнген нәубет бейнеленеді. Ашаршылық жылдарындағы Тоқа әулеті көрген зобалаң — сол кездегі әр қазақ отбасының басынан өткен қасірет. Мемлекет басшысының ұлттың мұңы мен мұқтажын жақсы түсінетіні де содан болса керек.
"Президенттің баспасөз хатшысы болғаннан кейін, көпшілік «Әке туралы ой толғау» кітабын қалай табамыз, қайдан аламыз деп жиі сұрап жатады. Міне, «Әке туралы ой толғау» кітабын осы кітап дүкенінен таба аласыздар. «Жақсы кітап – жан азығы». Бірге оқиық", – деді Президенттің баспасөз хатшысы.
Уәлидің айтуынша, кітаптың бұл шығарылымында туындының екі тілдегі аудионұсқасы флеш-картаға жүктелген, мұқабасына қойылған QR таңба арқылы да тыңдауға болады. Оқырманға қолайлы болуы үшін флеш-картаның ішіне туындының PDF форматтағы электронды нұсқасы да бірге салынған екен. Кітаптың төрт нұсқасы бір жерге топтастырылған.