Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Антикор "басшысына" қатысты қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

"Ол менімен амандасу үшін тоқтатты" деп "мақтанады" жолаушы.

Антикор "басшысына" қатысты қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Шымкентте өзін Антикор басшысымын деп таныстырып жүрген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz

Әлеуметтік желіде көлікке мінген үш ер адам туралы видео тарап жатыр. Полиция көлікті қуып жетіп, тоқтатады. Сол-ақ екен, көліктің артқы салонында отырған жолаушы полицеймен сөйлесуге түсіп, көп ұзамай қайта оралады. Айтуынша, полицейге «ксивасын» көрсеткен.

"Ол менімен амандасу үшін тоқтатты" деп "мақтанады" жолаушы.

Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі видеоға қатысты түсінік берді.

"Бұл азамат ешқашан Антикор қызметкері болған емес және қазір де қызмет атқармайды. Биыл 2 маусымда оның Шымкент қаласының тұрғыны, азамат Қ. екені анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді агенттіктен.

Ведомство азамат Қ. қолдан жасап алған жалған куәліктің өзін де көрсетті.