Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

ШҚО-дағы шағын көлдерде моторлы қайықтар мен скутерлерге тыйым салынады

Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті өңірдегі шағын көлдерде моторлы қайықтар мен скутерлерге тыйым салады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады

ШҚО-дағы шағын көлдерде моторлы қайықтар мен скутерлерге тыйым салынады
сурет ҚазАқпарат сайтынан

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстағы  Родан көлінде скутермен жүргендер туралы бейнекадрлар барлық бұқаралық ақпарат құралдарында тарап, ел ішінде үлкен резонанс туғызды. Облыстық Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барды.  Олар биік таудағы шағын көлге жаяу барып, жағалауды түгел қарап шықты. Мамандар табиғат қорғау аймақтарын құру қажет деген қорытындығы келген. Бюджетті нақтылау кезінде осындай ұсыныс жасалмақ.

«Сондай-ақ, жоба аясында экологтар инвентаризация жүргізіп, жаңа ережелер бекітіп, ең бастысы шағын моторлы қайықтарды пайдалануға тыйым салуды көздеп отыр. Бұл өте маңызды. Себебі осының салдарынан су жанармаймен, мотор майымен ластануда. Бұдан бөлек, моторлы қайық демалушылар үшін де қауіпті. Тұрғындар тарапынан осыған қатысты көптеген шағымдар келіп түскен. Енді бар мәселе шешіледі деген үміт бар», - деді Экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев.