Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Түнімен мал құсап жүрдік": Қызылордада балалар ауруханасында жатқан аналар шу шығарды (ВИДЕО)

Сол себепті ауруханада жатқандар палата ішіндегі олқылықтарды ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр.

"Түнімен мал құсап жүрдік": Қызылордада балалар ауруханасында жатқан аналар шу шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қызылордадағы облыстық балалар ауруханасында жатқан бір топ ана шу шығарды. Олар ауруханада ешқандай жағдай жасалмағанын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақ халаттылардың да жұмысы көңіл көншітпейді екен. Сол себепті ауруханада жатқандар палата ішіндегі олқылықтарды ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр.

"Түсте салынады азаңғы укол. Кешкі укол үнгі 12-1-д салады, бала тәтті ұйқыда жатқан кезде. Іші деген антисанитария. Бәрімізге бір әжетхана, ванна. Бір раквинаға кесе-шәйнегімізді, баламыздың көтенін де жуамыз. Қандай диагноз қойғанын, я болмаса анализ қандай екенін, баланың жағдайын білмейміз. Бұл жерге келіп кететін дәрігерлер 4-3 сағаттық. Тұрақты мамандары жоқ", - дейді Мөлдір Нұрымова.

Сондай-ақ Ақбота Омарова да ақ халаттылардың үстінен шағымын айтады.  

"Түндегі медсестра менің баламды былай да былай аунатып жатыр. Бұны басып алыпты үстінен. Тамырын таппай жатырмыз дейді. Сосын мен айттым, таппасаң, салмай-ақ қой. Табатын адамды шақыр. Содан осы жерде бүкіл ата-ана көтеріліп кетті. Неге? Өйткені жағдай жоқ дым. Я врач жауап бермейді. Түнімен осы жерде мал құсап 12 жарым, 1-ге дейін жүрдік", - дейді ол.

Бұған қатысты жауаптылар телеарнаға сұқбат беруден бас тартқан. Тек сөз арасында облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қазір емделушілердің саны артқанын айтты. Қосымша бөлім ашуға мәжбүр болған көрінеді.