Бүгін - мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран - мемлекеттің негізгі рәміздері. Олар – мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. 

Бүгін - мемлекеттік рәміздер күні
фото: egemen.kz

Бүгін - мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 2007 жылдан бастап қазақстандықтар бұл күнді мерекелей бастады деп хабарлайды Paryz.kz

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран - мемлекеттің негізгі рәміздері. Олар – мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі.

Тудың авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба жобасы конкурсында сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі үздік деп танылып, қазіргі нұсқа бекітілді.

Алғашқы Әнұран авторлары – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа мемлекеттік Әнұран қабылданды. Жаңа әнұранның авторы – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.