Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қызылорда облысында 23 млн теңге жымқырған теміржол басшысы сотталды (ВИДЕО)

Еске сала кетейік, "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясына қарасты Қазалы жол дистанcасының бөлімше бастығы өткен жылдың қараша айында ұсталған. 

Қызылорда облысында 23 млн теңге жымқырған теміржол басшысы сотталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Мемлекет мүлкін талан-таражға салған теміржол басшысы сотталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz, Atameken business-ке сілтеме жасап.

Теміржол құрылысының материалдарын иемденіп, мемлекет мүлкін талан-таражға салған теміржол басшысы 2 жылға сотталды. Ұрланған қаржы көлемі 23 млн теңге.

Еске сала кетейік, "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясына қарасты Қазалы жол дистанcасының бөлімше бастығы өткен жылдың қараша айында ұсталған. Оған алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде мүліктік залал келтірді деген айып тағылды.