Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Карантин: Түркістанда 450 адам жинап концерт өткізгендер анықталды

Айта кетейік, 2021 жылдың 18 мамырында Түркістан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салатын қаулысы шыққан.        

Карантин: Түркістанда 450 адам жинап концерт өткізгендер анықталды
фото: ашық дереккөз

26 мамырда Түркістан қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына облыс орталығында концерт ұйымдастырылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Басқармадағылар Түркістан қалалық Полиция басқармасы басшысына хабарласып, іс-шараны ұйымдастырушыларды анықтау туралы қызметтік хат жолдаған деп хабарлайды Paryz.kz, "Азаттық рухы" сайтына сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары концертті ұйымдастырғандарды бірнеше күннен кейін анықтапты.

Полицияның мәлімдеуінше, 24 мамыр сағат 19:00 шамасында Түркістан қаласында жаңа кинотеатрдың  ашылуына байланысты концерттік іс-шара өткені көрсетілген. Кинотеатрдың ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған концерке шамамен 400-450 адам жиналған көрінеді.

Карантин режимін бұзған азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 18 мамырында Түркістан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салатын қаулысы шыққан.           

Ал 24 мамырда Түркістандағы Khanshayim Plaza сауда орталығында Kinopark компаниясының заманауи кинотеатры ашылған-ды.