Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

ҚХА жайлы әлемдік сарапшылар не дейді? Жоспар қандай?

Ассамблея бұрынғы кеңестік дәуірде де, қазіргі әлемдік тәжірибеде де теңдесі жоқ азаматтық қоғамның түбегейлі жаңа институты ретінде құрылды.

ҚХА жайлы әлемдік сарапшылар не дейді? Жоспар қандай?
Дереккөз: newtimes.kz

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысына мемлекет қана емес, өзге де елдердің белді сарапшылары оң баға беруде. Бүгінгі материал тақырыбын сарапшылар пікіріне арнауды жөн көрдік.

Әлемде аса ірі саясаткерлер, рухани көшбасшылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі тәжірибесіне жоғары баға береді. Осы орайда Бундестагтың Германия-Орталық Азия парламенттік тобының жетекшісі Хеди Вегенер былай деді: "Аумағында 120-дан астам түрлі халықтардың, этникалық топтардың өкілдері тұрып жатқан және олардың бейбіт өмірін ұйымдастыра алған ел үлкен қызығушылық тудырады. Халық ассамблеясы олардың арасындағы құрал, көпір болып табылады",-дейді ол.

Ассамблеяны құру тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан мен оның көшбасшысының ішкі және сыртқы саясатының қисынды жалғасы болды. Қазақстан әуел бастан бейбітшілік, толеранттылық және сындарлы диалог мұраттарына берілген заманауи, зайырлы мемлекет құруға бағыт алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы республикадағы этносаралық қатынастар саласының институционалдық рәсімделуіне, өзіндік халықтық дипломатия органына айналды. Ассамблея бұрынғы кеңестік дәуірде де, қазіргі әлемдік тәжірибеде де теңдесі жоқ азаматтық қоғамның түбегейлі жаңа институты ретінде құрылды. Қазір Ассамблеяның арқасында этносаралық қатынастарды саясиландырудан аулақ болып, сол кездегі жанжалды әлеуетті сындарлы арнаға бағыттауға болады деп сеніммен айтуға болады.

Сол сияқты әлемдік сарапшылардан бөлек, отандық мамандар да ҚХА жұмысына оң баға беруде. «Қазір бұрынғылардан басқа жаңа міндеттер қалыптасты. Енді Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этностарын біріктірудің маңызды институттарының біріне айналуда. Әңгіме этномәдени бірлестіктердің қызметі тек өз этностарының мәдениетін, дәстүрлері мен тілдерін сақтауға ғана емес, сондай-ақ халықта жалпыазаматтық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталуы туралы болып отыр.

Басқаша айтқанда, ҚХА бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделерін білдіруге, бүкіл қоғам шешуге мұқтаж мәселелерді ілгерілетуге бағытталған. Осылайша, біз еліміздің мықты және жауапты азаматтарының біртұтас ұлтын қалыптастыратын боламыз. Тиісінше, Ассамблея қоғам өмірінің барлық мәселелеріне белсенді қатысатын негізгі қоғамдық құрылымдардың біріне айналады», - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, этникалық қатынастар комитетінің төарағасы Ғалым Шойкин.

Оның айтуынша, енді Қазақстан халқы Ассамблеясы жекелеген этностардың ғана емес, бүкіл халықтың күрделі мәселелерін шешуге тікелей ықпал ететін болады. «Белгілі бір пікірлер бар, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты сыни пікірлер кейде айтылады. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты ауқымдағы кез келген ұйым үнемі дамып, уақытпен бірге қадам басуға тиіс деп есептеймін. Тиісінше, біз бүгінде Ассамблеяның қоғам үшін барынша ашық болуы, түрлі ҮЕҰ, БАҚ, жастар ұйымдарын кеңінен өзара іс-қимыл жасауы және өз қызметіне тартуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. ҚХА жүргізетін жұмыс көлемі туралы азаматтар әрдайым біле бермейді. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін біртіндеп өзгертуге бет бұрудамыз. Мысалы, егер бұрын институтты мәдени мекеме ретінде қабылдайтын болса, қазір ол ағартушылық және әлеуметтік бағдарланған мекемеге айналуда»,- деді ол.

Сондай-ақ, Ассамблея жанында бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде «Жаңғыру жолы» жастар қанатының құрылымдары, қоғамдық келісім кеңестері, Медиация кеңестері, Аналар кеңестері,               Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубы, ЖОО-дағы ҚХА кафедралары, ғылыми-сараптамалық кеңестер жұмыс істейді.

Бұған қоса Ассамблея жастардың қоғамдық жұмысқа белсене араласуына атсалысуда. Мәселен, қазіргі таңда онда волонтерлік қозғалыстың 30 орталығы жұмыс істейді және олардың құрамында 2000-нан астам волонтер еңбек етеді.

Сонымен қатар, Ассамблея ағартушылық қызметінен бөлек, әлеуметтік функцияларды да жүзеге асырып келеді. «Мысалы оның қайырымдылық және медиация сияқты жұмыс бағыттарында өзін белсенді түрде көрсететінін аз адамдар біледі. 2020 жылы Ассамблея желісі бойынша халықтың мұқтаж топтарына жалпы сомасы 1 миллиард 497 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

«Бұдан бөлек, 151 миллион теңгеден астам соммаға қажетті дәрі-дәрмектер мен ӨЖЖ аппараттары сатып алынды, сондай-ақ дәрігерлер мен провизорлық орталықтарға көмек көрсетілді. Қазақстанда Достық үйлерінің жанында 17 медиация кабинеті жұмыс істейді, оларда Халықпен жұмыс істеу үшін 318 диалогтық алаң жұмысын ұйымдастырылды. Яғни, қоғам өмірінің барлық аспектілері қамтылған. Осыған орай, Ассамблеяның басқа қоғамдық институттармен тығыз өзара іс-қимылы мен бірлескен жұмысы, ақпараттық ашықтық ҚХА жұмысы туралы көбірек адамдардың білуіне ықпал ететін болады», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойғин.