Оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 772,3 миллиард теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1,72 триллион теңге жұмсалған.
Қазақстандықтардың зейнетақысы бірнеше «бөліктен» тұратынын көпшілік бейхабар болып жатады. Атап айтқанда зейнетақы базалық, ортақ және зейнетақы қорынан төленетін төлем болып жіктеледі. Айта кетерлігі, олардың алғашқы екеуі мемлекеттік бюджеттен төленеді. Бүгінде осы тақырып бойынша тыңғылықты мәлімет ұсынатын боламыз.
Қазақстандық қариялар зейнетақыны мемлекеттік бюджеттен және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ала алады. Бұл ретте мемлекеттік бюджет есебінен берілетін зейнетақы базалық және ортақ құрамдас бөліктерден тұрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында оларды төлеуге бюджеттен шамамен 2,5 триллион теңге көлеміндегі қаражат жұмсалған. Оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 772,3 миллиард теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1,72 триллион теңге жұмсалған.
Осылайша былтырғы жылдың желтоқсан айында зейнетақыға бағытталған жалпы сома 211,7 миллиард теңгені құрады: базалық зейнетақыға – 65,6 миллиард, ортақ зейнетақыға – 146,1 миллиард теңге.
Ал мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2020 жылы 94 733 теңгені құрады. Мұнда базалық және ортақ зейнетақылар ескерілді. Статистикаға сенсек 2021 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда бүгінде 2 247 000 зейнеткер бар екен.
Базалық зейнетақы
Зейнетақының базалық бөлігін қариялар оған дейін жұмыс істеген, істемегендеріне қарамастан, толық көлемде ала алады. Республика бойынша оның ең төменгі мөлшері белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% - ына тең. Жыл басынан бері ол 34 302 теңгеге дейін өсті, ал ең төменгі базалық зейнетақы тиісінше 18 524 теңгеге тең.
1998 жылғы зейнетақы реформасына дейін және одан кейін жұмыс істеген қазақстандықтар үшін базалық зейнетақы мөлшері жұмыс өтіліне байланысты ұлғаяды. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер қосылады. Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жылды құраса, сондай-ақ ол болмаған кезде базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ына немесе 18 524 теңгеге тең. Одан әрі әрбір жыл үшін базалық зейнетақының мөлшері жоғарыдан 2%-ға ұлғаяды. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілі кезінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%–ын, 30 жыл – 94%-ын құрайды. Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ы немесе 34 302 теңге болып табылады.
Ынтымақты зейнетақы
Ынтымақты зейнетақыны базалық зейнетақымен бірге 1998 жылға дейін жұмыс өтілі бар зейнеткерлер алады. Ол 1995 жылдан бастап кез-келген үш жылдағы жұмыс өтілі мен орташа айлық жалақы негізінде есептеледі.
Биылғы жылдың басынан бастап ынтымақты зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңгені құрайды. Ең жоғары ынтымақты зейнетақы 46 АЕК-тің 75% - ына тең. Яғни ең жоғары ынтымақты зейнетақы 100 637 теңгеге тең болуы мүмкін. Демек, базалық және ортақ бөлімді қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен ең төменгі зейнетақы 61 796 теңгеге тең. Ал ең жоғары - 134 939 теңге. Бұл БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерді және зейнеткерлер үшін түрлі үстемеақыларды есептемегенде зейнетақы мөлшері болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты, ол өз кезегінде ең төменгі есептік көрсеткіштің (АЕК) шамасына байланысты. 2020 жылғы желтоқсанда Президент қол қойған "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына сәйкес 2021 жылдың басынан бастап АЕК 2 917 теңгеге дейін ұлғайды. Осыған байланысты Қазақстандағы зейнетақы мөлшері төмендегідей болды:
Елімізде азаматтардың зейнетке шығу жасына 2021 жылғы Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер де тікелей әсер етеді:
Республика бойынша 2027 жылға қарай ерлер мен әйелдердің ең жоғары зейнетақы жасы теңеседі деп жоспарланып отыр.
Қазақстанда кейбір азаматтар зейнетке зейнет жасы белгіленген жастан ерте шыға алады. Ол үшін заңда мынадай шарттар көрсетілген: