Лунин Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен суперкубогының иегері, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері болды.
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы "Қайрат" клубының Instagram-дағы ресми парақшасынан жазылды. Станислав Лунин кәсіби мансабын 2011 жылы бастап, "Восток", "Шахтер" және "Ертіс" командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының сапында ойнаған кездері де болды.
"Қайрат" сапында 2014-2018 жылдар аралығында доп теуіп, 91 ойын өткізген. 3 гол соққан.
Лунин Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен суперкубогының иегері, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері болды.