Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жалдамалы пәтер алу үшін құжаттарды 8 маусымға дейін өткізу керек

Айта кетейік, жалдамалы баспаналарға бәрі бірдей қол жеткізе алмайды. Ол үшін арнайы 11 санат бекітілген...

Жалдамалы пәтер алу үшін құжаттарды 8 маусымға дейін өткізу керек
фото: ашық дереккөз

Елордада жалдау құны 5 мың теңгеден басталатын тұрғын үйлерге өтінім қабылдау басталды деп хабарлады Paryz.kz, "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Қажет құжаттарды 8 маусымға дейін жинап, qatysu.zhilfond.kz сайтына жолдау қажет.

Пәтерлер бас қаладағы Сарытоғай көшесіндегі "Пригородный" тұрғын алабынан беріледі. Келісімшарт әуелі 5 жылға рәсімделеді. Кейін мерзімді ұзартуға да болады. Бірақ пәтерді сатып ала алмайсыз. Іріктеудің нәтижесі zhilfond.kz немесе zhil-astana.kz сайтында жарияланады.

Айта кетейік, жалдамалы баспаналарға бәрі бірдей қол жеткізе алмайды. Ол үшін арнайы 11 санат бекітілген. Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, басқа мемлекеттерде ұрыс қимылдарына қатысқандар, I және II топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар, созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратындар, жетім балалар, қандастар, экологиялық апат салдарынан тұрғын үйінен айырылғандар, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары мен толық емес отбасылар өтінім бере алады.

Мамандардың айтуынша, 100 пәтер ғана үлестіріледі.