02.06.2021, 11:37

Шарындағы қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

фото: ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам қаза тапты. Сондай-ақ 1 адам із-түзсіз жоғалып, тағы 6 адам зардап шеккен еді. Шарындағы селден қыз бала құтқарылған болатын.

Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz, Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екі қылмыстық бап (306 - бап 3-б.және 141-бап 2-Б.) бойынша тергеу басталды. Олар: 306-баптың 3-бөлімі - абайсызда кісі өліміне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, 141-баптың 2-бөлімі - абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау", - деп атап өтті ведомстводан.