Бұл ретте жақын туыстарға: ата-ана, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жататыны нақтыланады.
БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, туыстар арасында тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелеріне тыйым салатын шарттарды кеңейту жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар жобасында шарттардың күйеуі немесе әйелінің жақын туыстарына қатыстылығы көзделген.
"Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы мен өтініш берушінің жұбайынан, жақын туыстарынан, сондай-ақ жұбайының жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға жол берілмейді. Осы тармақтың орындалуын бақылау мақсатында зейнетақысын алушы жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлеміне электрон өтінім берген кезде туыстарынан жылжымайтын мүлікті сатып алмау туралы міндеттемеге қол қояды" - осындай тұжырымдамада зейнетақы "артық шығымын" пайдалану жөніндегі ережеге өзгеріс ұсынылған.
Бұл ретте жақын туыстарға: ата-ана, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жататыны нақтыланады.
Отбасы банк деректеріне сүйенсек, 2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша 159 621 қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігін қолданған. Оның жалпы сомасы бір триллион теңге. Бағдарламаға қатысушылардың жартысынан көбі, 51 пайызы БЖЗҚ-дан жинақтарын ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей-ақ тұрғын үйді толық сатып алуға жұмсаған.