22.09.2020, 16:34

Германияның төрт қаласы карантинге жабылмақ

yandex.kz

Елде өткен тәулікте 922 науқас тіркелді.

Германияда карантин талаптары қатаңдай түсті. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушыға түсуі себеп. Елде өткен тәулікте 922 науқас тіркелді. Осыған орай Баварияда бейсенбіден бастап сыртта маска тағу режимі енгізілді. Дәрігерлер науқастардың көбі мектептерде, қоғамдық орындар мен босқындарға арналған жатақханаларда анықталып жатқанын хабарлайды.

Мысалы, Солтүстік Рейн-Вестфалияда шамамен 7 мыңға жуық оқушы мен 600 мұғалім карантинде отыр. Ал Гессен жерінде аймақтық футбол ойынынан кейін 6 спортшыдан коронавирус табылды. Олармен қарым-қатынаста болған 400 адам қазір оқшауланып отыр.

«Қыста індет одан бетер ушыға түсуі мүмкін», – деп вирусологтар дабыл қағуда. Қазір мамандар әзірленген вакцина зерттеудің үшінші фазасында екенін хабарлайды. Болжам бойынша жыл соңына қарай немесе келесі жылдың басында Германияда індетке қарсы вакцина дайын болуы керек.

«Клиникалық сынақтың соңғы фазасындамыз. Зерттеу жұмыстары аяқтала салысымен бірден вакцинаны дайындауға көшеміз. Компаниямыз өндірістік қуаттылығын арттырып, алдағы уақытта 750 млн доза вакцина өндірмек ниетте. Алайда бұл мөлшер тек 375 млн адамға жетеді. Мәселен, тұрғындар екпені екі мәрте қабылдауы тиіс», - деп хабарлайды «Biontech» компаниясының қаржы директоры Зирк Пётинг.