Белсенді жас азаматтар шаһар басшысына өңір жастарына барынша қолдау көрсетілетінін айтып, Абат Шыныбековке оралдық белсенді жастар атынан өз алғыстарын айтты.
Шаһар әкімі Абат Шыныбеков оралдық белсенді жастармен кездесті. «Орал жастар көзімен» атты ашық аспан астында өткен басқосуға жас кәсіпкерлер, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, кәсіподақ жастары мен білім мен өнерде жетістікке жеткен дарынды жастар, түрлі жастар ұйымдарының жетекшілері, студенттер мен волонтерлер қатысты.
Қала әкімі Абат Шыныбеков болса өз кезегінде Оралда жастарды қолдау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Белсенді жас азаматтар шаһар басшысына өңір жастарына барынша қолдау көрсетілетінін айтып, Абат Шыныбековке оралдық белсенді жастар атынан өз алғыстарын айтты.
Жиын барысында жалынды жастар, сонымен бірге, қала әкіміне қазіргі таңда жастар жиі кездесетін түйткілді мәселелер жайлы да сөз қозғады. Олардың қатарында жастарды жұмыспен қамту, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жастардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету, олардың экологиялық мәдениетін арттыру және т.б. келелі мәселелер болды.
Абат Шыныбеков жас буынның ашықтығына риза болып, олардың ұсыныс тілектері алдағы уақытта міндетті түрде ескерілетінін жеткізді.