Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Оралда ТКШ бөлімі мамандары қала тұрғындарымен кездесті

Оралда ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің мамандары депутаттармен бірлесе отырып, қала тұрғындарымен кездесті.

Оралда ТКШ бөлімі мамандары қала тұрғындарымен кездесті
Фото: @uralskakimat

Жиын барысындар әкімдік өкілдері мен халық қалаулылары жергілікті халыққа көп қабатты тұрғын-үйлерді басқарудың жаңа түрлері туралы түсіндірді.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша жаңа заң жобасына сәйкес тұрғын-үйлерді заңды тұлға болып табылатын мүлік иелерінің бірлестігі және керісіншк заңды тұлға болып табылмайтын серіктестік негізінде басқаруға болады екен.

Осылайша мүлік иелерінің бірлестігі немесе серіктестік құру үшін, тұрғындар арасында жиналып ұйымдастырып, 3 адамнан тұратын үй кеңесін сайлау керек екен. Сондай-ақ тұрғындар арасынан аталған кеңеске төраға тағайындау қажет.

Еске саларлығы бүгінде Оралда 1246 көп қабатты тұрғын-үй кешені бар. Олардың арасында 9 үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылса, екі үйде серіктестік құрылды. Ал қалған 901 үй мен 106 пәтерге кооперативтер қызмет көрсетеді. Сол сияқты қалада басқару нысаны жоқ 334 үй бар екен.

Айта кетерлігі Қазақстанда 2022 жылдың 1-ші шілдесінен бастап ПИК қыметі толығымен тоқтайтын болады.