Оралда саябақ жанынан автотұрақ жасалады

Оралда Құсайынов көшесінің бойында, қалалық мәдениет және демалыс саябағы жанында  автотұрақ дайындалатын болады. Бұл туралы қалалық ТКШ бөлімі мамандары хабарлады, деп жазады Paryz.kz.

Оралда саябақ жанынан автотұрақ жасалады
https://ru.dreamstime.com/

ТКШ өкілдері берген мәліметке сәйкес, әсіресе демалыс күндері қаладағы саябақ маңында көлік қоятын жер табылмайтын көрінеді.

Сол сияқты қала тұрғындары мереке күндері де осы мәселеге тап болады дейді қалалық ТКШ бөлімі өкілдері.

"Әкімдік осы мәселені ескеріп, саябақ жанынан автотұрақ салу жұмысын бастап кетті. Қазір бұл іс мердігер компанияға тапсырылды. Жақын арада автотұрақ дайын болып, қала тұрғындары саябаққа емін-еркін келеді деген сенімдеміз",-дейді қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және атвокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Сағиев.

Айта кетейік, биыл облыс орталығында 33 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.