"Қазіргі таңда құрылысты жеті компанияның жүргізетіні белгілі болып отыр. Сол сияқты жоба құрылысына қатысуға тағы бес компания тартылады деп күтілуде. Сондай-ақ ықшам ауданда сауда орындары мен мектеп салуға ниет білдіріп отырған инвесторлар да бар. Яғни мүмкіндіктер көп. Сонымен бірге ықшам ауданға көпір салу мәселесі да туындап отыр. Осы орайда біз биылғы жылы көпір салуға байқау жариялап, келесі жылы оның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз",-дейді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
Сол сияқты облыс әкімі биыл қала әкімдігінде үй кезегінде тұрған азаматтарға 324 пәтер пайдалануға берілетінін атап өтті.