Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Биыл Оралда жаңа ықшам ауданның құрылысы басталады

Оралда тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылып отыр. Қала әкімдігі бұл мақсатта жер учаскелері анықталып, онда жалдамалы пәтерлер бой көтерінін айтып отыр. Қала билігі осылайша 160 мың шаршы метрге жаңа ықшам аудан - "Ақжайық" ауданын салуды көздеп отыр.

Биыл Оралда жаңа ықшам ауданның құрылысы басталады
Фото иллюстрированное

"Қазіргі таңда құрылысты жеті компанияның жүргізетіні белгілі болып отыр. Сол сияқты жоба құрылысына қатысуға тағы бес компания тартылады деп күтілуде. Сондай-ақ ықшам ауданда сауда орындары мен мектеп салуға ниет білдіріп отырған инвесторлар да бар. Яғни мүмкіндіктер көп. Сонымен бірге ықшам ауданға көпір салу мәселесі да туындап отыр. Осы орайда біз биылғы жылы көпір салуға байқау жариялап, келесі жылы оның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз",-дейді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Сол сияқты облыс әкімі биыл қала әкімдігінде үй кезегінде тұрған азаматтарға 324 пәтер пайдалануға берілетінін атап өтті.