Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Деркөл кентіндегі Сарыарқа ықшам ауданында жол құрылысы басталады

Оралда Деркөл кентіндегі Сарыарқа ықшам ауданында жол салына бастайды. Бұл туралы Орал қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері мәлімдеді.

Деркөл кентіндегі Сарыарқа ықшам ауданында жол құрылысы басталады
Фото из открытых источников

Айта кетерлігі, ықшам ауданда жол салу жобасы 2020 жылы басталған болатын. Осылайша жоспар бойынша ондағы 48 көшені жөндеуге республикалық бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінген еді.

"Құрылысты "Орал су құрылыс" ЖШС жүргізеді. Былтыр жұмыс енді басталғанда, күз келіп, жолдың сапасын арттыру мақсатында құрылыс тоқтаған болатын. Осы уақыт аралығында мердігер өз қаражаты есебінен 1 шақырым жерге жол төсеген болатын. Бүгінде біз оларға 200 млн теңге қаражат аударуымыз шарт, сондай-ақ қазіргі таңда құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып тұр.

Жалпы жол құрылысына қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, биыл құрылыс маусым айында басталады. Биыл қаражаттың 1 млрд-қа жуық мөлшерін игереміз деп жоспарлап отырмыз", - дейді құзырлы ведомство басшысы Жандос Дүйсенғалиев.