Оралда ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 24 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, деп жазады Paryz.kz тілшісі.
Бұл мақсатта бүгінде бюджеттен 570 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл қаражат былтырғыға қарағанда 2 есе көп көрінеді. Ведомство өкілдерінің айтуларынша, қазіргі таңда нысандардың кейбірі толығыме нжөндеуден өткен.
Жалпы қала бойынша "ТКШ жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 жыл ішінде 110 тұрғын-үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Тек былтырғы жылы аталған бағдарлама шеңберінде 17 жоба жүзеге асырылған. Олардың үшеуінде үйдің шатырлары жөнделсе, қалған 14-інде тұрғын-үй лифттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатта былтыр бюджеттен 258 млн теңге бөлінген екен.
"Қалада биыл да осы бағдарлама бойынша жұмыс жалғасатын болады. Алты үйде лифтке жөндеу жұмыстары жүргізілетін болса, 18 тұрғын-үйдің шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек", - деді Орал қаласы ТКШ бөлімі басшысы Жандос Дүйсенғалиев.