Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Аида Балаева «Қалаулым» бағдарламасы туралы: Халықтың талғамын көтеруіміз керек

«Бүгінде «Астарлы ақиқат», «Қалаулым» деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұр екен.

Аида Балаева «Қалаулым» бағдарламасы туралы: Халықтың талғамын көтеруіміз керек

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдындағы есептік кездесуінде «Қалаулым» бағдарламасы неге жабылмағаны туралы сауал қойылды, деп хабарлады Paryz.kz.

«Бұл енді айта айта жауыр болған мәселе ғой. Десе де, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кез келген бағдарламаны ұнамаса жауып тастайтын құзыреті жоқ. Заң бар. Сіз айтып отырған бағдарламалардың барлығы жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Бірақ қоғамнан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты ұсыныстарымызды бердік», - деген ведомство басшысы мұндай бағдарламаларға қоғамның бір бөлігі наразылық білдіргенімен, тағы бір бөлігі қызығып көретінін ескертті.

«Бүгінде «Астарлы ақиқат», «Қалаулым» деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұр екен. Ол дегеніміз – сұраныс бар. Халық көргеннен кейін БАҚ иесі ол бағдарламаны ешқашан жаппайды. Сондықтан біздің негізгі мақсат – министрлік пен БАҚ жұмылуымыз керек. Халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру керек. Сол мәселелер жолға қойылса, халық ақ пен қараны айыра білсе, сондай бағдарламалардың рейтингі төмендейді», - деді министр.