Орал көшелеріне ағаш отырғызу жұмыстары биыл да жалғасады

Бұл мақсатта биыл бюджеттен 520 млн теңге бөлінген

Орал көшелеріне ағаш отырғызу жұмыстары биыл да жалғасады
Көрнекі фото

Оралда биылғы жылы қала көшелеріне ағаш және көшет отырғызу жұмыстары жалғасатын болады. Қала әкімдігі берген мәліметке сәйкес, бұл мақсатта 2021 жылы  бюджеттен 520 млн теңге бөлінген көрінеді. Белгілі болғандай, оның ішінде 376 млн ағаштар мен талдар егуге жұмсалса, қалған 153 млн-ы гүл отырғызуға жұмсалады екен.

"Жоспар бойынша 12 мың шаршы аумаққа 22 клумба отырғызылатын болады. Оның ішінде бір жылдық та, көп жылдық та гүлдер егіледі деп күтілуде. Көп жылдық гүлдердің ішінде раушан гүлдері де бар. Биыл бұрыннан бері отырғызылған раушандарды күту жұмыстары басталып кетті. Сол сияқты өзге де көп жылдық гүлдерді салуды жоспарлап отырмыз", - дейді қалалық абаттандыру секторының меңгерушісі Абылай Нұрмақов.