Қала әкімінің бастамасымен балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді әрі қауіпсіз өткізу мәселелері қарастырылуда
Оралда қала әкімі Абат Шыныбековтың бастамасымен балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді әрі қауіпсіз өткізу мәселелері қарастырылуда. Осыған орай "Жазғы кезеңде балалардың демалысын және бос уақытын ұйымдастыру: тәжірибе-перспективалар" атты тақырыпта кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша кеңейтілген комиссия отырысы өтті.
Жиын барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қауіп төндірмеу, жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру және т.б. келелі мәселелер қарастырылды.
Айта кетерлігі ауқымды отырысқа комиссия мүшелерінен бөлек қалалық мәслихат депутаттары, облыстық денсаулық сақтау және білім беру, полиция басқармасы өкілдері, Желаев, Круглоозерный округтері мен Деркөл, Зачаган кенттерінің әкімдері, сондай-ақ басқа да құзырлы мекеме өкілдері қатысты.
Отырыс соңында қала әкімі жауапты ведомство өкілдеріне балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы демалыстарын барынша тиімді өткізуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.