Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізде соңғы қоңыраудан кейін екі түлек көз жұмды

Өткен жылы Қостанай облысында 21 адам суға батып кетті, оның ішінде төрт бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

Елімізде соңғы қоңыраудан кейін екі түлек көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Сейсенбіде Қостанайда тоғызыншы сынып оқушысы мен Батыс Қазақстан облысында он бірінші сынып түлегі суға кетті, деп жазады Pаryz.kz.

Қостанайда мектептегі салтанатты сап түзеуден кейін 2005 жылы туған жасөспірім достарымен бірге Тарелочка көліне шомылуға барған. Бұл туралы жергілікті "Наша газета" басылымы хабарлады.

"Олар шомылған жердің суы таяз болған. Бірақ суға батқан бала әрірек жүзіп, сүңгіп кеткен. Мәйітті тапқан біздің сүңгуірлердің айтуынша, суайдынның тереңдігі 3 метрге дейін жетеді. Өлімнің себебі сараптамадан кейін белгілі болады", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев.

Өткен жылы Қостанай облысында 21 адам суға батып кетті, оның ішінде төрт бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында да қайғылы оқиға болды. Мектеп түлегі жабдықталмаған жерде жүзіп, суға батып кетті, деп жазды "Мой город". Сағат 19.24-те жергілікті тұрғындар оның денесін судан алып шықты. Жас жігіттің атасына қонаққа келгені белгілі болды, ол құрдастарымен бірге суайдында демалған.

Бұдан бір күн бұрын, яғни 24 мамырда Теректі ауданында 16 жастағы бозбала суға батып кеткені хабарланған болатын.