Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдаудың жаңа жүйесін енгіземіз" - Асхат Аймағамбетов

Министр алдағы бірнеше аптаның ішінде жаңадан тағайындалған басшылар кішігірім сұхбат беріп, өздері басқарып отырған ұйымдарын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жоспары, жүзеге асырылатын негізгі реформалар, жұмыс жоспарын іске асыру үшін жүйеге тартылатын ресурстар және жаңа басшының тағайындалуынан бастап ұйымның алдағы уақытқа жоспарланған жұмыс нәтижелері туралы айтатынын жеткізді.

"Мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдаудың жаңа жүйесін енгіземіз" - Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "кез келген саланың серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін басқарушы элитаны үнемі жаңартып отыру қажет" деген пікірде. Ол бұл туралы білім беру жүйесіне жаңа көшбасшыларды тарту бойынша істелініп жатқан жұмыстар туралы баян еткен Facebook-тегі жазбасында айтты, деп жазады Paryz.kz.

"Тағайындалған басшылардың басым бөлігі "Болашақ" бағдарламасының түлектері және әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алған болса, енді бір бөлігі Назарбаев Университетінде оқыған немесе жұмыс істеген мамандар. Тек соңғы үш айдың ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, Қыздар ұлттық университеті, Сәтбаев Университеті, Қозыбаев Университеті сияқты жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары болып зор әлеуеті мен мол тәжірибесі бар көшбасшылар тағайындалды", – деген ол адами капиталды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде жергілікті жерлердегі жағдайды неғұрлым сапалы және толық ескеру үшін өңірлерде қызмет атқарып жатқан мамандарды жұмысқа белсенді түрде тартуға тырысатынын айтты.

Министр алдағы бірнеше аптаның ішінде жаңадан тағайындалған басшылар кішігірім сұхбат беріп, өздері басқарып отырған ұйымдарын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жоспары, жүзеге асырылатын негізгі реформалар, жұмыс жоспарын іске асыру үшін жүйеге тартылатын ресурстар және жаңа басшының тағайындалуынан бастап ұйымның алдағы уақытқа жоспарланған жұмыс нәтижелері туралы айтатынын жеткізді.

"Жұмысты жүйелі түрде жалғастыру үшін жақын арада біз жаңа жоба бастайтын боламыз. Атап айтсам, "Кадрлық резерв" жобасы. Біз білім және ғылым жүйесінде басшылық лауазымға ұсыну үшін табысты әрі дайындығы мықты үміткерлерді іріктеуді жоспарлап отырмыз. Жоба бойынша іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат жеке жарияланады. Бұдан бөлек жақын арада біздің бастамамызбен жүзеге асырылатын директорларды ротациялау институты, оларды тағайындаудың жаңа қағидалары және мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдаудың жаңа жүйесін енгізетін нормалар жүзеге асырыла бастайды", – деді Аймағамбетов.

Дереккөз: Qamshy.kz