Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Оралда жаңа мешіттің құрылысы басталды

Мешіттің жалпы аумағы 2776 ш.ш. құрап, ол Орал-Саратов тас жолы мен Жәңгір хан көшелерінің қиылысында бой көтереді деп жоспарланып отыр.

Оралда жаңа мешіттің құрылысы басталды
Дереккөз: Орал қаласы әкімдігі

Орал қаласының Зашаған кентінде қалалық әкімдік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және "BAITEREK" ЖШС арасындағы меморандум аясында жаңа мешіт құрылысы басталды.

19 мамырда мешіттің іргетасы қаланып, оған БҚО әкімі Ғали Есқалиев, қала әкімі Абат Шыныбеков және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшысы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Мешіттің жалпы аумағы 2776 ш.ш. құрап, ол Орал-Саратов тас жолы мен Жәңгір хан көшелерінің қиылысында бой көтереді деп жоспарланып отыр. Ал сыйымдылығы 1500-нан астам адам болмақ.