Оралда төрт бірдей жағажай жабдықталады

Олардың екеуі қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы жағажай болса, қалған екеуі "Светлячок" демалыс орнындағы жағажай мен "Металлист" зауыты ауданындағы жағажай болып тыбылады.

Оралда төрт бірдей жағажай жабдықталады
Дереккөз: travel.kz

Оралда төрт жағажайды жабдықтау жоспарланып отыр. Олардың екеуі қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы жағажай болса, қалған екеуі "Светлячок" демалыс орнындағы жағажай мен "Металлист" зауыты ауданындағы жағажай болып тыбылады.

Сонымен бірге биылғы жылы жалпы облыс бойынша 13 жағажайға жабдықтау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

"Әзірге жағажайлардың қай уақытта жұмыс істейтінін жайлы нақты мәлімет айта алмаймыз. Себебі алдымен олардың тереңдігін зерттеу керек. Онымен сүңгуір-құтқарушылар шұғылданатын болады. Біз оларға жағажайды ашуға акт пен ұсынымдар беретін боламыз. Десе де аталған ұсынымдар жағажайды толығымен ашуға рұқсат берілді деген сөз емес. Бүгінде облыс бойынша тек 13 жағажайды ашуға рұқсат беріліп отыр",-дейді жауапты ведомство өкілдері.