Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жазғы демалыс кезінде карантин шаралары күшейтіле ме? - Тоғжанов жауап берді

Ералы Тоғжановтың хабарлауынша, қазір үкімет Ashyq жүйесін пайдаланып, қоғамдық орындарға кіру ережелерін бұзған азаматтарға айыппұл салу мүмкіндігін қарастыруда.

Жазғы демалыс кезінде карантин шаралары күшейтіле ме? - Тоғжанов жауап берді

ҚР вице-министрі Ералы Тоғжанов Қазақстанда жазғы демалыс кезінде карантиндік шаралар күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, қазір елде бас санитарлық дәрігердің қаулысы бар және барлық азаматтар бұл шараларды орындауға міндетті.

"Барлық санитарлық талаптарды орындайтындарға шектеу қойылмайды. Бұл барлық кәсіпкерлерге де қатысты. Ashyq бағдарламасы арқылы демалыс орындары шектеусіз жұмыс істей алады. Сондай-ақ вакцина алғандарға да демалыс аймақтарына кіруге рұқсат беріледі. Сондықтан, әзірге ешқандай шектеулер жоқ", - деді вице-премьер.

Ералы Тоғжановтың хабарлауынша, қазір үкімет Ashyq жүйесін пайдаланып, қоғамдық орындарға кіру ережелерін бұзған азаматтарға айыппұл салу мүмкіндігін қарастыруда.